Көңіл көзіндегі контраст

Ұлы денең бақыттан балқып, бал сілекей жұтып, ару құшқаның ұмыт болады. Ұлы денең кездікке ілігіп, жүйкең үзіліп, көзіңнен көрген қызық «бұл-бұл ұшқаны» ше?

Сойдиған ажал азуы паршалап-жарып өткен құр сүлдеңді қимылдатуға жарамай жатқаның; аза бойың, арда болмысың азап уысына түскені (рухың шіркін әлдекімге ұқсап «мне больно, помогите!» деп ышқынбай, тістеніп тас болып қалғаны); шып-шып тер жиналған өңіңді өз қолыңмен сүрте алмай, терезесі ашылмайтын жан сақтау палатасының тұйық ауасымен, ауызыңмен әзер демалып жатқан пұшайман хәлің; денеңді шырмаған сансыз сым желілермен жалғасып, әлдеқайда түсініксіз сигналдар жөнелтіп жатқан компьютерлер дәрегейіндегі дәрменсіз күйің; алапат азап тұтқынындағы сәтің; аяқ-қанаттарын жұлып тастаған, аунауға да шамасы жоқ шыбындайын шырқырап жатқан жаныңның «айғайы» ұмыт бола ма? Ұлы АГОНИЯЛАР ұмыт болады, ә?! Миллиардтаған пенденің мың батпан жан азабы Тәңірден өзгенің құлағына жетер ме? Тәңірге қандай қиын еді?

***

Назарың салып, тыңдап бір көрші: Жүрегімді сезсең – жақыным сенсің. Естілмей тұрса – «тас жүрек» дерсің. 


***

Адамдары қорғансыз, бала күніміздегідей қазір де күн күркіреп, нөсер құйып, жай ойнайды. Алайда, табиғат мінезі тап сол кездегідей қорқынышты емес. Адамдары қорқынышты.


***

«Кең болсаң кем болмайсың» деуші еді қазақ. Кемсітіп қойғаны қалай?


***

Тәңірден айрықша сыймен келген жандардың таланты орнымен жұмсалмаған соң, бар қуатын халыққа толық бере алмағандығынан, билік бағын байлап, тұқыртып, тұсап ұстағандығынан, олар – қалың да қою һәм сасық түтінде жүргендей, өзгелерден айрықша қор, күйкі ғұмыр кешеді...

 

Свежие материалы автора:

ТОП-5 месяца

    социальная
    рекомендация
    коммерческая